Тәуекел Мүсілім Түркияға аттанбақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Түрлі комедияларда ойнап шаршаған Тәуекел Мүсілім, енді Өзбекстандық атышулы «Барон» фильмінің жалғасында түсуде. Отандық киножұлдыз тіпті түріктің танымал актеры Канн Урганджиоглудан ұсыныс алыпты.

Тәуекел Мүсілім, өзбек режиссері Рустам Сагдиевтің криминалды драмасына шақырту алған. Алғашқы бөлімі 2016 жылы жарық көрген бұл туынды -Өзбекстан, Ресей және Түркия елі бірігіп таспалап жатқан халықаралық жоба.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Ол жоба негізі бұрыннан жоспарланып келе жатқан жоба болған. Жаңағы Рустам Сагдиев деген режиссер, сол кісі 1-2 жыл бұрын танысып, сол кезде ол кісі осындай жоба болады бұйырса, соған сені шақырам деген ұсыныс білдірді. Сол енді қазір, Алла сәтін салып түсіріп жатырмыз.

Тәуекел Египет еліндегі 10 күндік түсірілімнен оралды. Ол «Барон» фильмінің екінші бөлімінде, сценариге арнайы енгізілген қазақ жігітінің рөлін сомдайды.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Жағымды кейіпкер, линиясы жағынан өте терең, эмоционалды жағынан да өте бай. Сол себептен өте бір мен үшін, жалпы жақсы бір рөл деп ойлаймын. Өйткені бұған дейін жобаларым, бәрі тек қана комедия.

Мүсіліммен бірге аталмыш жобада түріктің танымал актеры – Канн Урганджиоглу да бар. Қазақстандық көрерменге етене таныс «Kara Sevda» телехикаясының басты кейіпкерімен Тәуекел серіктестік орнатуға бел буған.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Шығу керек, тек қана Қазақстанмен шектелмей! Осы «Баронда» Канн мырзамен таныстым. «Kara Sevda-да» түскен. Сол кісімен жақсы танысып, екеуміз ол кісіден өз пікірін сұрадым, жалпы Түркия киноматографиясы жайлы, кастингіне келетін болсам, менде қаншалықты мүмкіндік бар деген сияқты. Ол кісі кел деп жатыр.

Осылайша ТМД ауқымында танылуды көздеген Тәуекел Мүсілім, енді түрік тілін үйренуге ниетті. Ал серінің «Барон» фильміндегі актерлық шеберлігіне келер жылы баға бере алатын боламыз.