«Newton» бойзбендінің экс-мүшесі Смит, жуырда жеке шығармашылығын қолға алған еді. Топтан кеше ғана кеткен рэпер, жаңа бейнебаянын ұсынып қана қоймай, өз фанаттар армиясын да жасақтап үлгерген. Айтуынша, кью-поп бағыты қазір табыс әкелмейді.
Күні кеше «Newton» тобымен қош айтысқан Смит алғашқы бейнебаянын ұсынды. Рэпер арнайы фан-митинг өткізіп, жаңа клипінің тұсауын кескен еді.
Smit, «Newton» тобының экс-әншісі:
-Клиптің посылы Қазақстанға андерграунд не екенін көрсету. Яғни мен, ол үшін көмегімді беріп жатырмын дегендей. Мен осындайдан бастауды дұрыс көрдім, американдық стильде бізде түсіреміз деп. Әрине качества олардағыдай идеяльный болмаса да, осындай асты әзірлеп беріп тұрмын.
Смит, «DAD» атты трегінің, кью-попқа еш қатысы жоқтығын айтады.
Smit, «Newton» тобының экс-әншісі:
-Мен кью-попты бір жеке стиль ретінде көрмеймін да, маркетинг ретінде, типа шум, фандом жинап алу сол жағынан көрем. Қазақстанда кью-поп жүргенде, мен бір жерде кассирша болып жұмыс жасайын, мен екі есе ақша табамын. Әрине оның бәрі продюсерский центрға байланысты, оның опыты болмаса қаражат жағын табудан, ол продюсердің кінәсі.
Нұрғисаның сөзінше бүгінде кью-поптың дәуірі өтіп барады. Рэпер сол үшін де музыкалық бағытын өзгерткен. Смиттің ендігі мақсаты – Ресей еліне танылған отандық өнерпаздардан үлгі алу.
Smit, «Newton» тобының экс-әншісі:
-Олардың істеп жатқан дүниелері қазір Россияда мықты болып жатыр, яғни қазір Қазақстан, Россиядан да орысша әнді жақсырақ жазады. Оны бәрі көріп жатыр. Өйткені біздің қазақстаннан шыққан ағалармыз бар Скриптонит, Jah Khalib дегендер.