Роза Рымбаеваның тұңғышынан бұрын, кенжесі келін әкелетін секілді. Сиситай атты арумен камера объективіне іліккен Мәди, махаббат хикаясын бастан өткеріп жүр ме? Жұрттың қызығушылығын оятқан сауалдарды екі жасқа төтесінен қойған едік.
Көзі қырағы көрермен, Мәди мен Сиситайдың арасында сезімнің оты тұтанғанын дәл осы видеодан аңғарғандай...
-Араларыңда махаббат бар ма?
-Екеуіңізден керемет жұп шығады!
Кейін қыз бен жігіт біздің камераның объективіне тағы бір мәрте ілікті. Дәл осы кездесуде көптің көкейіндегі сауалды жолдаудың сәті түскенімен, Рымбаев мардымды жауап бермеді.
Мәди Рымбаев, әнші:
-Давайте, басқа туралы сөйлесейік. Лучше не стоит! Әзірше ешқандай жаңалық жоқ. Айтпай-ақ қояйын!
Мәди, Сиситай туралы сұрақтан ат тонын ала қашқанымен, олардың өзара байланысы барын әнші ару жоққа шығарған жоқ.
C.C.Tay, әнші:
-Өйткені ол музыкант, мен музыкантпын. Оған қоса жақсы доспыз. Сондықтан да неге болмасқа? Екеуміз ән айтып көрейік дедік. Егерде енді бұйырып жатса, шығып жатса мүмкін дуэт болар... Ал былай одан артық ешқандай қарым-қатынас жоқ.
Иә, Мәдидің бұл бойжеткенге деген махаббаты оянбаған, ал Сиситай жас жігітке ғашық емеспін деп сендірді. Таныстықтары «Кью-Фестте» басталған әріптестер, есесіне шығармашылық жолда сәтті тандем таба білген. Жас өрендердің бірелескен дебюттық туындысын, таяуда Роман Ким орындайды.
C.C.Tay, әнші:
-Мәди әнін жазды, аранжировкасын жасаған болатын. Мәтінді кім жаза алады деп сұраған кезде, мені ұсынған болатын. Сол кезде мен жаздым. Барынша тырыстым. Ол менің алғашқы жұмысым болды. Бар күшімді салдым. Роман ағаға қатты ұнады!
Мәди мен Сиситай аладағы уақытта отандық шоу-бизнес сахнасындағы дуэттердің тізімін толықтырса, таң қалмаңыз!