Танымал әнші, әрі актриса Дженнифер Лопес болса қалыңдық атанды! Өнерпаз ару, сүйіктісі Алекс Родригестің тұрмысқа шығу жайлы ұсынысын қабыл алған. Екі жылдан бері көңіл жарастырған ғашықтардың, махаббат хикаясы қалай басталды?
Дженнифер Лопес пен Алекс Родригес ресми түрде отау құрмаса да голливудтағы үлгілі жұптардың біріне айнала білді. 43 жастағы бейсболшыны әншімен экс-күйеуі Марк Энтони таныстырған екен.
Бүгінде жұбы жарасқан қос ғашық, алғаш 20 жыл бұрын кездескен болып шықты. Ол кездері Джей Ло, жас бейсболшыға кумирі ретінде автограф сыйға тартқан. Тағдыр тағы табыстырды деп санайтын Алекс, дәл сол қолтаңбаны әлі күнге дейін сақтап келіпті.
Екі жылдық қарым-қатынастан кейін сүйіктісінің үйлену жайлы ұсынысын қабыл алған Дженнифер, төртінші мәрте тұрмысқа шықпақ. Әнші бикешке Алекс, 1 млн доллар тұратын 15 караттық неке жүзігін сыйға тарту еткен.
Джей Ло мен Алекстің шаңырақ көтеру салтанаты – «жыл тойы» болады деседі. Өйткені, бірнеше айдан кейін неке қию рәсімін өткізетін жұлдыздар, өнердегі әріптестері мен жақындарының басын қосып – ұлан-асыр салтанат ұйымдастырмақ ниетте.