Күллі k-pop-лер болса, дәл қазір TXT-дің су жаңа бейнебаянын қызу талқылауда! Санаулы күн ішінде BigHit-тік жігіттер 32 миллионға жуық қаралым жинап үлгерді. Жанкүйерлердің мұндай қарқынына қарағанда, су жаңа ұжым BTS-тің өзін басып озатын сыңайлы.
BTS ізімен, араға алты жыл салып BigHit -тің ұсынған жаңа жобасы - «TXT», яғни «Tomorrow X Together» деген атауды еншілеген еді. Бойзбенд 17-20 жас аралығындағы бес жігіттен құралған. Топ фандомы өзіне қандай айдар таққаны әзірге белгісіз. Дегенмен, ұжым қысқа уақытта жанкүйерлер армиясын жасақтап үлгерді. Тіпті, TXT тобын тыңдармандар BTS-ке бәсекелес болады деп болжайды.