Ерекше номинация иелері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айгүл Иманбаева «ақкөңіл әртіс», Мөлдір Әуелбекова «күлегеш әнші»! Отандық шоу-бизнестің сылқымдарына ерекше номинация табысталды!

«Халықаралық әйелдер мерекесінің» қарсаңында, отандық шоу-бизнестегі нәзік жандыларға ерекше жүлде ұсынылды. Қызықты премияның авторы - «РЕВЮ» ұжымы. Сыйлықтың алғашқысы, «Ақкөңіл әртіс» номинациясы - Айгүл Иманбаеваға бұйырды.

Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:

- Аға! Қазір, сүйіп алайыншы ағамды. Жақсы, Қайреке. Гүлмира әпке жақсы, Бота әпке жақсы. Кешіріңіздерші.

Иә, Айгүлдің ақ көңілдігіне сөз жоқ. Ол кез-келген жағдайда адамның жүрегін жол табуға тырысады. Ал, нәзік жандылардың мерекесі қарсаңындағы марапттардың бірінде «Асыл» тобының көшбасшысы Ғалия Мұратова, «ең балажан бикеш» мәртебесін иемденді.

Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының әншісі:

-Қазір ұлымыз кішкене өсіп қалды.

Отандық шоу-бизнестің «Ең мінезді өкілі» атағын азулы әрі тәжірибелі қос продюсер бөлісті. Сенбесеңіз, сұхбатқа зер салыңыз!

Алуа Қонарова, продюсер:

- И в вообщем, тут как бы состав...

- Чуть-чуть по тише можно?

- Ааа этот.... господи, мысли потеряла...

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

-Сендер, мына жақта түсірілім болып жатқанын көріп тұрсыңдар ғой, иә? Неге дарылдап жатырсыңдар? Сөйлей алмай қалдық қой, ұмытып...

Енесі ашуға беріліп тұрғанда, келіні керісінше «ең сабырлы сылқым» жүлдесін қанжығасына байлады.

Жұлдыз Әбдікәрімова, актриса:

-Жеке кеші. Халыққа өзінің бір жолы бойы... Болмай қалды ма?!

Мөлдір Әуелбековаға бәсекелес жоқ. Сұхбат сәттерінде әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүретін ол, «күлегеш әнші» номинациясының сөзсіз жеңімпазы.