Аптаның табысты фильмдері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киносүйер қауым өткен аптаның үздік фильмін анықтады. Актриса Кейт Бланшет басты рөлді дыбыстаған «Айдаһарды қолға үйрету» атты анимациялық туындысы көш бастап тұр.

Мультфильмнің үшінші бөлімі 110 млн теңгеден аса қаражатқа кенелді. Ал фэнтезиден кейін көрермен көңілінен шыққан туынды – «Өлімнің бақытты жаңа күнімен» картинасы. 54 млн-ға жауық касса жинаған сюжеті қорқынышты триллер – 2017 жылы жарық көрген аталмыш лентаның сиквелі.

Үздік үштікке, Тәуекел Мүсілім басты рөлді сомдайтын, қырғыз режиссерының «Анамды іздеймін-2» картинасы жайғасты. Руслан Акунның комедиясы, айналымдағы екінші аптада 42 млн табысқа кенелген.