Очоу театрда қанша айлық алды?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бірнеше жыл театрда тер төккен әнші Очоу, енді өзі қызмет еткен өнер ошағына аттап баспаймын деп отыр. Әртістің бұл шешіміне айлықтың аздығы себеп болса керек. Осы уақытқа дейін бұл жайында жұмған аузын ашпаған актер, енді ақиқатты айтуға әзір.

Осыдан алты жыл бұрын «Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында» еңбек еткен Олжастың, аталмыш өнер ошағының сахнасындағы ғұмыры ұзаққа созылмаған.

Осһоооу, актер, әнші:

-Өзімнің қалауыммен шықтым. Өйткені, біріншіден уақыт, екіншіден... Сені шағын ортаның адамдарға ғана біледі, таниды. Барынша сен өзіңді көрсете алмайсың ол жерде.

Дәл осы себепті желеу еткен актер, өз қалауымен ұжымнан кетеді. Очоу театрда жүрген шағында шығармашылыққа бар-күшін салғанымен, алатын айлығы мардымыз болғанын ашық айтады.

Осһоооу, актер, әнші:

-Мен толығырақ айтайын, театрда жұмыс істейтін адамдардың айлығы - мүлдем қанағаттандырмайды. Өнер, шынайылық, сахнаға берілгендік... Оған құба-құп, сөз жоқ! Бірақ енді одан табыс болмаса, әрі қарай адам дамымаса, жаұнясының жағдайын жасай алмаса...

Олжас Абай өнер көрсеткен мекемені қазір Сатыбалды басқарады. Азамат үшін айлықтан гөрі, театр сахнасы алғашқы орында. Өйткені, саф өнерге адал актер, қарсы алдыңдағы көрермен сыйлайтын әсердің – бағасы қымбат екенін айтады.

Азамат Сатыбалды, актер:

-Театрда – актерға энергия керек. Энергия болмаса, онда бір мінез болмаса, күш болмаса – ол көрерменді екі жарым сағат ұстап тұра алмайды. Тіпті көрерменді қарсыласы деп айтсақ та болады. Соңында кім жеңді, кім жеңілді оны шапалақ шешеді.

Қалай болғанда да, Очоудың қатты көңілі қалғаны анық. Актер алдағы уақытта да, театр сахнасына шықпайтынын айтып, серт берді.

Осһоооу, актер, әнші:

-Өмірде бәрі мүмкін ғой. Бірақ театрға оралуым мүмкін емес шығар.