«Havana» трегімен талай чарттың көшін бастаған Камила Кабельо, дәл осы әнінің арқасында миллиондаған табысқа кенелді. Жас өнерпаздың туындысын – IFPI» музыка сарапшылары 2018 жылдың үздігі деп таныды. Бойжеткен тіпті, Эд Ширан мен Дрейктің өзін шаң қаптырған.
Камиланың күллі әлемге танылуына «Havana» трегі себепші. 22 жасқа енді қадам басқан өнерпаз, хит әннің арқасында «MTV Video Music Awards» сынды музыкалық марапаттардың бірнеше жүлдесін қатар еншіледі. Бүгінде «Havana» 19 млн-нан аса таралыммен сатылып кеткен.
Канадалық музыкант Дрейктің, «God's Plan» трегі екінші сатыда. Бірден Биллбордтың көшін бастаған ән, 15 млн данамен күллі әлемге саудаланды. Еске салсақ, рэпер аталмыш туындыға бейнебаян таспалау барысында қарапайым халыққа 1 млн доллар үлестіріп, қайырылымдылық жасаған еді.
Эд Ширанның әндері ырғақты болмаса да, талай жанның жүрегіне жол таба білді. Британдық поп-музыканттың «Shape Of You» атты еңбегін, әлем бойынша 14 миллион тыңдарман жүктеп алған. Осындай жетістіктерінің арқасында, өнер иесі «Forbes-тің» 30 жасқа дейінгі «ең табысты жұлдыздар» тізімінен табылды.