«Қазақфильм» жайлы әжуа!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сенат төрінде отандық киноиндустрияның қазіргі хал-жағдайын тілге тиек етіп, «Қазақфильмді» сынаған Мейіржан Төребаевтың сөзін жақтайтындар да, даттайтындар да табылды. Мәселен, Нұрлан Әлімжан Шәкен Айманов атындағы ұжымның жұмысын жоққа шығарған әзілкештің, сыни-пікірімен келіспейді.

Мейіржан Төребаев, актер:

-Я не знаю вот «Казахфильм» выделяетя они в год несколько не знаю сумма денег. Куда эти фильмы уходят? Они вот снимают, потом в склад прячут. И все! И когда проверка идет они фильмы вытаскивают. И вот просто смешно. Ну дайте нам эти деньги. Мы такие проекты снимем. Такой ба-бахнем...

«Жылдың үздік вайнері», сенат төрінде «Қазақфильмді» дәл осылай әжуалаған еді. Қалтасындағы қаржыға комедия түсіретіндер және сол картинада ойнайтындар Төребаевты бірден қолдады.

Мәселен, Мейіржан айтқан өзекті мәселе, Очоудың да көптен бері ойында жүр. Бірақ ақиқатты ашып айтудың орайы әркез келе бермейді дейді актер.

Ochoooy, әнші, актер:

-Ол рас дүние! «Қазақфильмнің» анау айтқандай жұмысын көріп жатқан жоқпыз, негізінде... Мейіржан, біршама жыл түсіріліммен айналысып келе жатыр. Қазір инстаграм бар, вайн бар. Олар өздерінің ойын анық айта алады. Біз көбінесе өз ойымызды жеткізе алмаймыз. Өйткені, қазақ десе өзіңе тиіп қалуы мүмкін. Көңілге қарайсың, өзіңді ойлайсың. Мейіржан шындығын айтқан шығар шын мәнінде де!

Елбасының рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжан, Мейіржанның өнерін жоғары бағалағайды әрі азаматтардың сыйластығы қаз-қалпында. Бірақ әзілкештің «Қазақфильмге» қарата айтқан пікірін ол құптамайды.

Нұрлан Әлімжан, әнші, актер:

-Біз шүкір деуіміз керек. «Қазақфильмнің» жұмысы жасалып жатыр. Жылдар бойы жасалып жатыр. Әсіресе, соңғы жылдары тіптен көп. Сондықтан да «Қазақфильмнің» жұмысы бар, ол түсіріліп жатыр. Қаншама шет елдерден де, жақсы-жақсы орындап алып келіп жатыр. және де халықтың жүрегінен орын алып жатыр, тек қана шет ел емес. Баяғыда проблема сол еді. Шет елдің фестивалін түсіреді, қазақ көрмейді. Қайда кетіп жатыр деп. Қазір енді қазақ көріп жатыр.

Дегенмен, қазіргі таңда Қазақфильмнің де, жеке меншік кинокомпаниялардың да жұмысы көңіл қуантарлықтай. 2019-да Әсел Сәдуақасова, Нұртас Адамбай сынды продюсерлер жоспарлаған бірнеше жобаларын жүзеге асыруды көздеп отырса, мемлекеттің қолдауымен таспаланған «Томирис» тарихи туындысының да осы жылы тұсауы кесіледі.