Қайырымды жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Стивен Спилберг кино ғана емес, қайырымдылық саласында да көзге түсуге ниетті! Майталман режиссер көмекке зәру жандарға қол ұшын созуға бағытталған кештің басты мейманы атанды.

Шара «Қатерлі ісік ауруын зерттеумен айналысатын әйелдер қорының» ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр. Кеш барсында жиналған бар қаржы, осы дертке шалдыққан жандардың ем-домы мен өзге де игілігіне жұмсалмақ.

Майли Сайрус та осы кештегі танымал тұлғалар арасынан табылды. Әнші ару кешке сүйіктісі Лиам Хемсвордты ерте келген еді.

Кейт Хадсон болса ғашығы Дени Фудзикавамен қол ұстаса келеген. Одан бөлек, әйгілі актриса бұл шарада «сүт безі қатерлі ісігін зерттеу» саласына қосқан үлесі үшін арнайы марапатқа ие болды.

Кейтті бұл кеште анасы Голди Хоун мен өгей әкесі Курт Расселдің өзі қолдауға келіпті. Биылғы жылы мұқтаж жандарға жәрдемдесуге асыққан жұлдыздардың қатары бұрынғыға қарағанда, көбейе түскен.

Рита Уильсон, актриса:

-Жұлдыздардың жиналып, көмек көрсетуге асыққаны қуантады. Бұл жолы Майли Сайрус қатарымызда. Меніңше, бір миллионанн астам қаржы жинай аламыз.