«Ninety one» сынды, өздері жайлы картина таспалаған «Мадмэн» тобы жанкүйерлерін бір қуантты! Кью-поп өкілдерінің жүріп өткен қысқа ғана шығармашылық жолы – деректі фильм ретінде ұсынылған. Олар жаңа туындыны табынушыларымен бірге тамашалады!
«MadMen» тобына арналған деректі фильмді көру тек Алматылық, «толқындарға» бұйырды. Жігіттер фанаттарымен бірге, өздері жайлы лентаның тұсаукесерін жасады.
MadMen тобы:
-Бұл жалпы документалды фильм. Негізінде біз оны білген жоқпыз түсіретінімізді. Бізге ол кенеттен келіп қалды. Айтты вот фильм түсіріп жатырмыз, қазір соның түсірілімін тезірек бастау керек деді. Бұл негізінен қандай мақсатпен шығарылған. Біз кішігірім жанкүйерлерімізбен, бізді одан да көбірек білу үшін. Бізбен олар жақсырақ таныс болу үшін.
«MadMen-нің» жеке мұрағатынан құралған картина, үлкен экрандардан бір күн ғана көрсетілді. Жанкүйерлеріне осылайша кішігірім сыйлық жасаған жігіттер, өнер жолындағы естеліктерімізбен бөліскіміз келді дейді.
MadMen тобы:
-Жалпы біз енді дебют алғаннан кейін осы уақытқа дейін, біраз жұмыс жасадық. Үлкен үлкен тәжірибе алдық. Әлі де жұмыс жасау керек. Себебі кішігірім бізде ең бастысы түсінік пайда болды. Сол мақсат пайда болды.
«MadMen-дік» жігіттердің айтар жаңалықтары жетерлік. Біраз уақыт үзіліс жасаған бойзбенд, кезекті бейнебаянның түсіріліміне кіріспек. Өнерпаздар су жаңа туындыларын таспалау үшін Бішкек қаласына аттанады.
MadMen тобы:
-Бейнебаянды біз Бишкек қаласында түсіретін болдық. Неге? Себебі біздің клипмейкер әлі сол жерде. Сол Бішкек қаласында.
Бұл «MadMen-нің» қырғыз елінде түсірген екінші клипі болмақ.