«Havana» трегімен талай чарттың көшін бастаған Камила Кабейо жаңа жасқа қадам басты! Алайда, өнер иесі аста-төк сауық-сайран құрмай, меншікті мерекесін қарапайым атап өтуді жөн көрген. Есесіне, әншіні ең алғаш болып, Тэйлор Свифт құттықтады.
21 жас сен сиқырға толы болдың! Дәл осылай, Камилла өткеніне алғыс айтып, туған күні қарсаңында пост жариялады. Жас жұлдыздың жазба қалдырған сол-ақ еді, Тейлор Свифт құрбысының сүйкімді екенін айтып, жылы лебіз білдірген.
Алайда, осыдан бірнеше жыл бұрын Тейлордай тұлғадан құттықтау есту – Камиллаға арман еді. Әлемдік деңгейдегі әншілерге қарап бой түзеген Кабейо, өнердегі жолын 15-жасынан бастайды. Алғашында ол The X Factor жобасына қатысып, нәтижесінде «Fifth Harmony» гелзбендінің мүшесі атанады.
Төрт жылға жуық топтың құрамында өнер көрсеткен соң, Камилла жеке орындаушылық сүрлеуін салуға бел буады. Әнші қыз Шон Мендеспен «I Know What You Did Last Summer» трегіне дуэт жазып, бұл туынды беделді музыкалық чарттардың көшін бастаған еді.
Кейіннен Machine Gun Kelly-мен «Bad Things» әнін орындаса, Питбуль, Джей Бальвинмен бірлесе «Hey Ma» трегін жарыққа шығарды. Туынды «Форсаж 6» картинасының негізгі саундтрегі саналады.
Алайда, Камиланы нағыз танымалдылықтың шыңына шығарған – түрлі дуэттері емес, ««Havana» синглы еді. Өнерпаз аталмыш трегінің арқасында талай чарттардың көшін бастап, «MTV Video Music Awards» сынды музыкалық марапаттардың бірнеше жүлдесін қатар еншіледі.
Сондай-ақ, бір әуенмен-ақ әлем бойынша миллиондаған жанкүйер жинаған Камилла, бүгінде 30-жасқа дейінгі ең бай музыканттар тізімінің көшін бастайды.