Иә, мұндай ашық-жарқын образдар – q-pop өкілдеріне міндетті түрде ұнауы тиіс! Айтпақшы, дәл осы музыкалық бағыт, тағы бір есіммен толыға түспек! Отандық шоу-бизнеске жаңа келген өнерпаз – Диуоу, «Найнти уанның» өзіне бәсекелес боламын деп білек сыбанып отыр.
Диуоу өз дебютын Ерболат Беделхан ұйымдастырған q-fest-те жасады. Ең алғаш, «Ninety one» бастаған күллі q-pop өкілдерімен бір сахнаны бөліскен ол, бұдан-былай тек осы музыкалық бағытта ән салмақ ниетте.
Diuoou, әнші:
-Ән айту стилі қазірігі таңда q-pop бағыты дамып келе жатыр. Соған байланысты мен q-pop. Осындай үлкен сахнада жанды дауыста айтып шықтым. Мен үшін бір үлкен бір тәжірибе болды. Және де сондай қобалжу сәттер өте көп болды.
Есесіне, өнер әлеміне жаңадан қадам басқан Диуоу, q-pop индустриясындағы өзге әріптестерімен достасып үлгерген. Мақсаты биік жас әнші, бүгінде музыка саласы бойынша арнайы білім алуда.
Diuoou, әнші:
-Менің аты жөнім Дильназ Мұсажанова. Менің лақап атым «Диуоу». Сондай сценический атпен шығамын. Мен қазіргі таңдағы Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде 2-ші курс студентімін. Мамандығым – эстрада вокал.
Диуоудың ән қоржынында әзірге – «Dance Life» атты бейнебаяны бар. Жас өнерпаздың тырнақалды туындысы көптің көңілінен шыққан көрінеді.
Diuoou, әнші:
-Енді қазіргі алға қойған мақсатым – біріншіден өте сапалы дүние шығару, сапалы әндер жаңағы сапалы орындау дейді ғой, орындау мәнерін . Енді мен жаңа шығып келе жатқан әртіс болғандықтан, біз әлі де өз өзімізді іздеудеміз.
Осылайша, өз шығармашылық жолымды салсам дейтін Диуоу, екінші бейнебаянын да таспалауға кірісіп кеткен. Ол «Tell if one» жаңа трегінің де әнсүйер қауымға ұнауынан үлкен үмітті.