Париждегі фешн-уик!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сән қуған сұлулар болса, әзірге әлеуметтік іс-шараларға ат салысатындай күйде емес! Әдемі киінуге құмар арулар бүгінде Париждегі фэшн-уиктің бел ортасында жүр. Оның, үсітіне «Баленесиага» брендің топтамасын бірінші болып тамашалаудан кім бас тартсын?!

Алайда, «Баленсиага» көрсетілімінен қайтқан қонақтардың көңілі күпті болды. Фэшн кештің меймандарына, тас қараңғыда топтаманы бағалау қиынға соққан еді.

Ерек шоу ұйымдастырамын деп, бармақ тістеп қалған әйгілі бренд болса, әлі де «оверсайз» сәнде екенін алға тартады. Кең көлемді киімдер – Баленсиаганың қолтаңбасына айналғаны қашан. Ал, айтулы кештен өкпелі қайтқан жұлдыздардың арасында Хейли Бибер де болды.

Нәзіктік пен романтика! «Валентино»-ның кезекті үлгілерін әзірлеуде Пьерпаоло Пиччолиге өзі аттас ақын Пьер Паоло Пазолинидің шумақтары шалқар шабыт сыйлапты.

Түрлі принтті киімдер мен шыт көйлектер кеш қонағы Наоми Кэмбелдің де көңілінен шыққандай. Әйгілі модель бұл жолы сүйікті брендінің сән мінберінен емес, кеш қонақтарының қатарынан табылды.

Иссэй Миякэ болса, түс таңдауда тартынып қалмақ емес! Жапондық бренд ашық-жарқын реңктермен есте қалуға тырысты. Алайда, дизайзнердің бұл шешімін сән қуған сұлулар қалай қабылдары белгісіз.

Йошиуки Миямае, дизайнер:

-Таңертең жаңбыр жауса, түсте күн шығып, бір тәуліктің өзі түрлі-түстерге боялады. Біз де сол құбылысты көрсеткіміз келді. Әлем жарқын реңтерге өте бай емес пе?