Өз уақытында кассалық табысымен «Диснейдің» рекордын жаңартқан «Аквамен» авторлары, xикаяның жалғасын ұсынуға уәде еткен еді. Дегенмен, 2020-да жарық көреді деп жоспарланған туындыны, көрермен қауым жылдар бойы ұзақ күтетін секілді.
DC Comics пен Warner Bros.Pictures бірлесе ұсынған туындының алғашқы бөлімі, жоба авторларына 1 млрд доллардай кассалық пайда әкелді. Мол табысқа кенелген киногерлер, бірден сиквел түсіруге шешім қабылдаған.
Фантастикалық картинаның режиссерлық тізгінін ұстаған Джеймс Ван, лентаны таспалауды тек 2022 жылдың соңында жүзеге асыруға ниетті. Су асты патшалығының суперқаһарманы Артур Карридің жаңа хикаясында, Джейсон Момоамен қоса Николь Кидман, Патрик Уилсон және Эмбер Херд сынды үйреншікті кейіпкерлер қайта оралмақ.
«Богемдық рапсодия» лентасы, Қытай кинотеатрларында көрсетілетін болды. Аспан асты елінде гомосексуалды қарым-қатынас - жабық тақырып. Сондықтан, алғашында «Queen» тобы туралы байопикті үлкен экранға шығаруға тыйым салынған еді. 91-ші «Оскар» жүлдесінен кейін, «Богемдық рапсодияға» деген Қытай көрерменінің қызығушылығы артқан көрінеді.
Талай көрерменнің көңілін тапқан «Жұлдыз дүниеге келді» картинасы, АҚШ елінде қайта көрсетілмек. Наурыз айынан бастап үлкен экрандарға жол тартатын фильмді, жоба авторлары лентаға кірмей қалған кадрлармен толықтырмақ екен. «Оскар» марапатында «үздік ән» аталымын жеңіп шабыт алған Леди Гага мен Брэдли Купер, көпшілік естімеген «Clover» трегін де драмаға қоспақ.