Баян дөрекілерге өкпелі

Сообщить о проблеме с эфиром

Алагөзованың қарапайым халыққа деген «өкпесі қара қазандай.» Баянды қоғамдық ортада көрсе, ерсі қылық танытатындар көп. Атышулы бикеш өзіне дөрекілік танытқандардың тілін қалай тауып жүр?

«Танымалдылық» формуласы – көпшіліктің қошеметі мен елдің ықыласы. Ал, көк жәшіктегі кумирін көзбе-көз көрсе, сэлфи жасауға асығатын халықтың қылығы – жұлдыздарға жаға қоймайды екен. Қалың жұрттың ортасында жүріп жайсыз жағдайларға жиі ұрынатындардың бірі – Баян Мақсатқызы.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Тәрбиесіз кісілер келеді, отырып алады. Сотканы алады да, кешірім сұрамай, сэлфи жасайды. Осындай жағдайлар болады. Сол кезде мен айтамын: «Кешіріңіз, мен демалып отырмын» - деп.

Қарапайым қарашаның әрекеті Халық әртісінің де қытығына тиетін көрінеді. Қаумалаған халық Роза Рымбаеваға сахнада және салтанатты кештерде емін-еркін ән салуға мүмкіндік бермейді.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

-Ән айтып тұрсаң, тіпті үлкен сахнаға да көрермен шығып, соткасына суретке түсіп жатады. Бұл мәдениетсіздік деп санаймын. Жалпы әнші ән айтып тұрғанда, оның әнін тыңдау керек қой. Жоқ желкеңе де мініп алып, алдың да тұрып алып, сенің әнің емес, фотоға түсу керек болып тұрады. Мен кейде әнді тоқтатамын дағ айтамын не суретке түсейік, не ән айтайық.

Сәкен Майғазиев, жанкүйерлерінің мұндай әрекетін кумиріне деген құрмет деп біледі. Сондықтан болар, ол кез-келген жағдайда сабырлық сақтауға тырысады.

Сәкен Майғазиев, «МузАарт» тобының әншісі:

-Небір жаңағы мас болып келіп тұратын адамдар бар. Құшақтап, жағымсыз иістері шығып деген сияқты... Бірақ, ол енді мені солай жақсы көреді деп қабылдаймын да, болды. Мені жақсы көрмесе, ол менің қасыма келмес еді. Кейбір адамдар болады жұлқылап жақсы көреді. Құшақтап, қылқындырып. Оның барлығын мен дұрыс қабылдай аламын.