Актриса Кейт Бланшет басты рөлді дыбыстаған «Айдаһарды қолға үйрету» атты анимациялық туындысы көрерменге жол тартқаны сол еді, лезде отандық прокаттың үздігі деп танылды. Мульфильмнің алғашқы табысы да миллиондарды құрайды.
Анимациялық картинаның үшінші бөлімі 238 млн-нан аса теңге жинаған.
Фэнтези – балақай Иккинг пен оның айдаһары жайлы. Кішкентайынан бұл жануарды баптап өсірген бозбала енді, оның отанына аттанбақ. Досқа айналған қос кейіпкердің саяхаты шытырманға толы. Тәуекел Мүсілім басты рөлді сомдайтын, қырғыз режиссерының «В поисках мамы-2» картинасы екінші сатыда.
Көрерменге жаңа хикаямен қайта оралған Руслан Акунның комедиясы, 36 млн пайдаға кенелді. Бірінші бөлімінде кішкентай Азаматқа қамқоршы атанған Дэн, енді үйленбек болады. Алайда Данияр – сүйгенін қалыңдық ету үшін, оның туған ағасының көңілін тауып, қалған туыстарына да жағуы тиіс.
Үздік үштікті, Джеймс Кэмерон авторлық еткен «Алита: Жауынгер періште» фильмі түйіндеп тұр. Фантастикалық лентаның қоржынына айналымдағы екінші аптада, 33 млн-нан аса қаржы түскен. Шытырманға толы картина, 300 жылдан кейінгі болашақты суреттейді. Идо есімді доктор, ұлы соғыста мерт болған роботтың қалдықтарын тауып алып, кеудесіне жан бітірмек.