Миллиондаған фанаттары бар «Тақтар ойыны» телехикаясы, жуырда көрермендерімен қайта қауышпақ. Әйгілі туындың ақтық маусымы қандай қызықтарға толы болмақ? Әйгілі сериалдың актерлары да, соңғы сюжетке қатысты құпияның шетін шығарып қойған екен.
«Эмми» мараптының бірнеше жүлдесін иеленген «Тақтар ойыны» көрермен көзайымына айналған телехикая. Туынды авторлары, соңғы маусымын тіпті біртұтас фильм ретінде шығармақ болған. Алайда «НВО» арнасы бұл ойға қарсылық білдіріпті.
Джордж Мартин фэнтезиін тағатсыздана тосқан табынушыларына, сегізінші маусымда тек 6 эпизод ұсынбақ. Әрбір бөлімі 10 млн долларға таспаланған туындының бір сериясы 80 минуттан тұратын болады.
Жеті патшалықтың тағынан үміткер Серсея Ланнистердің рөлін сомдайтын Лина Хиди ашыла сұхбат берген. Актриса қатігез патшайымның ғұмыры, бұл жолы ұзаққа бармайтынын айтады. Сонымен қатар, телехикая жанкүйерлері жаңа маусымда бірнеше сүйікті кейіпкерлерімен қош айтыспақ.
Қиялдан шыққан орта ғасырлық елдердің таққа таласын суреттейтін фэнтезидің соңғы маусымында, өлілер мен тірілер ақтық шайқасқа шығады. Тіпті ер азаматтармен қоса бұл соғысқа нәзік жандылар да ат салыпақ. Олар Джон Сноудың қарындасы Санса Старк бастаған сарбаз қыздар болмақ! Шытырманға толы хикаяның шешуші сәттерін, 15-ші сәуірден бастап тамашалай аласыз.