Төрештің әкесі әртіс болмақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Төреғалидың халыққа танылуына зор үлес қосқан әкесі, енді жеке басын насихаттауға кіріскен секілді. Осы уақытқа дейін кадрдан тыс қалатын Төреәлі мырза, соңғы кездері бейнекамера көрсе белсенділік танытатын әдетке көшкен.

-Неге, Төреғалиден қайта-қайта сұрап жатырсың? Неге, қадалған жерден қан алайын деп тұрсың?!

Журналистер жолдаған сауал ұлы Төрешті тығырыққа тіресе, тілшілерге дәл осылай тап беретін Төреәлі, көпшілік ортасында талай мәрте мінезін көрсеткен. Бірақ уақыт емші емес пе, қазір продюсер сабасына түскендей. Ол енді бейнекамералар алдында өзін барынша байыпты ұстап, айналасына жылы шырай танытуға тырысатын секілді.

Ақбота Керімбекова, әнші:

-Енді әрбір ата-ананың арманы... Рахмет аға, сіздердің жолдарыңызды берсін.

Әбунасыр Серіков болса өмірде де, түсірілім алаңында да көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Әзілге жақын Әбекенің бұл әрекетіне әзірге тоқтау салу мүмкін болмай тұр.

Мәриям Сатай, актриса:

-Күледі. - Можно я тоже снимусь в фильме... Мәриям: Пап, не позорь меня, Я пошел тогда!

Тілшілердің тарапынан қойылған күтпеген сұраққа тосылып тұрғанда, әріптестердің кедергі келтіруі - жығылғанға жұдырық болатыны тағы бар.

Алтынбек Рахметов, продюсер:

-Ааа... ммм... Тыныштық! Аааа... Негізі... Негізі мен продюсерліктен шет жүремін деп ойлағанмын ғой.

Алтынбек мырза соңында шешімін өзгертіпті. Ол продюсерлік мансабын қайта жандандырмақ ниетте. Серік Ибрагимовтен кейін сәтті жобаға қолы жетпей жүрген Рахметов, таяуда тағы бір жас жігітпен жұмысқа кіріспек.