Әлемнің үздік үш әншісі!

Сообщить о проблеме с эфиром

«IFPI» музыка сарапшылары әлемді мойындатқан әншілер арасында – ең табыстыларын анықтады. Өткен жылдың үздігі деп, сөзсіз Дрейк танылған. Рэпер «Грэммидің» триумфаторы атанбаса да, көштің басын әлі күнге ешкімге берер емес.

Дрейк үшін былтырғы жыл – табысты болғаны сөзсіз. Рэпер «Scorpion» атты бесінші альбомымен түрлі рекордтарды жаңартқан еді. Аталмыш үнтаспаға енген оның 25 трегі – әлемдік музыкалық чарттардың тізімінен табылып, тіпті «Билборд» шеруінде 40 апта бойы тұрақтады. Дрейк, хитке айналған «In My Feelings» әніне бейнебаян таспалау барысында, қарапайым халыққа 1 млн долларын үлестіріп, мырзалығымен де ерекшеленген еді.

Корейлік BTS ұжымы, Дрейктен кейінгі екінші сатыға жайғасты. K-pop өкілдерінің 2018 жылы жарық көрген «Love Yourself» әнжинағы, АҚШ елінің өзінде 53 млн доллар табыс жинаған. Өзге мемлекеттерді қосқанда 88 млн-дай көк қағазды қалтаға басқан бойзбенд, күллі әлемді мойындата алғандай.

Үздік үштікті әсем дауысымен көптің көңілінен шыққан Эд Ширан түйіндеп тұр. «Forbes-тің» «ең табысты жұлдыздар» тізіміне де енген музыкант – бір жылда 110 млн доллар пайда тапқан. Одан өзге британдық музыкант – 53 елді аралап, 95 жеке концерт өткізіп, жалпы сомасы 432 млн долларға кенелген. Эд, 2019 жылы да әлемдік ән-сапарға аттанбақ ниетте.