«Диор» жаңа топтамасын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осындай түсініспеушіліктер сән әлеміне де жат емес! Мәселен, кезінде талай рет өзгенің идеясына жиендік жасады деп қараланған «Диор», су жаңа топтамасын таныстырды! Қуанышқа қарай, бұл жолы әйгілі брендті айыптауға ешкімнің аузы бармаған көрінеді.

«Әлемдік әйелдер қауымдастығы!» Осындай ұранмен «Диор» Париждегі фэшн апталықтың шымылдығын түрді. Киімдері арқылы феминистік үндеу жолдаған сән үйі, бұған дейін де әйел теңдігін талап етуімен көзге түсіп келеді. Бұл брендтің «Барлығымыз феминист болуымыз керек» деген жазулы жеңіл жейдесі, кезінде жұлдыздар арасында бірден «мастхэв-қа» айналған еді.

Топтаманы тамашалаған меймандар болса, үлгілерді аздап жатырқаған сыңайлы. Себебі, сән үйі бұл жолы – француздық шиктан бас тартып, британдық стильге сай былғары бешпет, торлы түстермен таңқалдырды.

Мария Грация Кьюри, дизайнер:

-50-жылдарды қайта сәнге әкелу туралы ұзақ ойналдым. Себебі, «Диор» бастауын сол заманнан алған. Алайда, өзім сол заманда өмір сүрмегендіктен, мұны қалай жасаймын деп уайымдадым. Сондықтан, біршама тер төгуге тура келді.

Өткен заман мен қазіргі сәнді үйлестіру Мария Грация Кьюридің қолынан келгендей. Топтамадағы бетперделі қара панамалар, жұлдызды қонақтардың көңілінен бірден шыққан.

Наталия Водянова, сәнбике:

-Топтама тамаша! Жастарға арналған, сәнді үлгілер. Әсіресе қабат-қабат киілген киімдер ұнады. Бұрынғылардан мүлде өзгеше.

Чимаманда Нгози Адичи, жазушы:

-Өзіме нәзіктік ұнайды. Бұл жолы дизайнер қарапайым джинсыдың өзіне, әсемдік сыйлай білген. Мария үлгілер арқылы әйелдер нәзік қалпынан таймай-ақ, қайсар болады алытынын жеткізгісі келгендей.

Фэшн шоуды тамашалауға келгендердің көптігінен, ине шаншар орын болған жоқ. Меймандар арасында Дженнифер Лоуренс, Карли Клосс пен Кара Делевинь де бар.