Тәуекел Мүсілім бас тартқан образдар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық актерлар да, өзіне өмірлік атақ пен табыс әкелетін картиналарға түсуді армандайды. Мұндай рөлі үшін олар тіпті адам танымастай өзгеруге де дайын. Ал үлкен киножұлдызға айналған Тәуекел Мүсілім, әр кейіпкерін таңдап ойнайтынын айтады.

Тәуекел Мүсілім бүгінде сұранысқа ие актерлардың бірі. Сері өзіне ұсынылған рөлдерге келіспес бұрын, сценарийге аса назар аударамын дейді. Ол мансабына оң өзгеріс әкелген «Брат или брак» картинасынан да, бірнеше мәрте бас тартқан екен. Тәуекел көрерменге өзімшіл адам болып көрінуден жүрексінгенін айтады.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Танымайтын адамдар бәрі мені сондай деп ойлайды негізі. Сол себептен негізі қашқақтадым. Ал керісінше артынан киноны көрген кезде, кез-келген адамға самоирония керек дейді ғой, сол себепті керісінше қуандым. Ол нәрсеге түскеніме.

Олжас Әлжанов болса, кинодағы рөлін таңдап-талғап жатпайтын болып шықты. Талай телехикаялардың жұлдызына айналған актер, өз тәжірбиесінде түрлі жанкештілікке де барған.

Олжас Әлжанов, актер:

-Өмірімде бір рет кіріп көргем сондай ролге. Бір кездерде мен 110 келі салмақпен, «Арнайы өкілдер» деген әскери телехикаяға түскем. «КНБ» жайлы, сол кезде мен 11 кг екі аптаның ішінде азғам. Өзім үшін былай сынақ болып көрді.

Олжас сынды фильмдегі образы үшін арықтаған жандардың бірі – Артур Төлепов. Актер үнемі негізгі кейіпкерді сомдамаса да, қосалқы рөлдерден бас тартқан емес. Әншілік қасиеті де бар Төлепов, нағыз шығармышылықтың адамы – нар тәуекелшіл болу тиіс деп санайды.

Артур Төлепов, актер:

-Менде де бір жоба болған, сол кезде барынша арықтағанбыз. Нан жемемей, тек қана спорт зал деген сияқты. Мен бір 7 кг арықтадым. Сондықтан мен ондайды құптаймын, нағыз профессионал сондайға дайын болу керек деп санаймын.

Кино әлемінде тер төгіп жүрген отандық жұлдыздардың көпшілігі, түрлі сынақтардан тұратын фильмдерге таласа түсуге даярмыз деп отыр.