Голливуд жұлдызы – Бри Ларсонға керісінше жаңа образына қатысты, жылы лебіздерін жаудырып жатқандар көп! Актриса, санаулы күннен кейін «Капитан Марвел» картинасының тұсауын кеспек! Аталмыш туынды – әйгілі кинокомпанияның бұрынғы рекордын жаңартады дегенге көпшілік те бек сенімді.
«Марвелдің» тағы бір қаһарманы – Кэрол Денверстің хикясын күтіп жүргендер көп! Себебі, әйгілі студияның әйел кейіпкерге арнап таспалаған алғашқы картинасы осы болмақ.
Бұл фантастикалық лентада – әскери салада қызмет ететін қарапайым қыздың оқиғасы баяндалады. Ерен еңбегі арқылы майор шеніне дейін өскен Кэрол, кезекті тапсырмасын орындап жүріп жат планелатықтармен ұшырасады. Келімсектермен күтпеген кездесу – Денверске тылсым күш сыйламақ!
Суперқаһарман бикешті сомдау – «Оскар иегері» Бри Ларсонға бұйырған еді. Алайда, актриса бұл рөлге келісімін әзер беріпті. Өйткені өнер иесі, өзін түрлі қиындықтар тосып тұрғанын алдын-ала сезгендей.
Бри Ларсон, актриса:
-Менің мысықтарға аллергиям бар. Соған қатысты түсірілімде түрлі қызықтар да болды. Мәселен, қиын трюкты орындаудан қорықпаймын. Бірақ, түсірілім алаңына мысық келе қалса бітті, дегбірім қашады.
Түсірлім алаңында Бри Ларсонмен тер төккен актерлар да, бұл үй
жануарына қатысты сан-алуан пікірде. Солардың бірі – фильмде «Старфорс» планетасының сарбазын сомдаған Джуд Лоу.
Джуд Лоу, актер:
-Білмеймін, меніңше мысықтар өте сүйкімді. Алайда, бұл жануар актер ретінде «Оскар» үміткері атанса ашуланатыным анық. Өткені, бұл мәртебеге талай трюктерді орындаған, мына мен лайықтырақ секілдімін.
Кімнің актерлық шеберлігі «Оскарға» лайықты екенін көрермен қауым, көп ұзамай-ақ бағалай алады. Шытырманға толы қиял-ғажайып туынды, наурыздың 7-нен бастап үлкен экрандарға жол тартпақ.