Бейонсе жайлы АҚШ-та дәріс оқытылмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бейонсенің әлемдік музыкалық чарттарды бағындыруы – талантының дәлелі болса керек. Тіпті әншінің «Lemonade» атты альбомы, АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарында – әдістемелік құрал ретінде оқытылмақ екен.

2016 жылы жарық көрген Бейонсенің «Lemonade» үнтаспасы жайлы, Джорджия штатындағы Валдоста университетінд арнайы курс ашылған. R&B орындаушының бұл әнжинағы, қоғамдағы маңызды мәселелерді қамтыса керек. Бейонсенің ән туындысында – «қара нәсілді әйелдердің заманауи Америкадағы рөлі» туралы сөз қозғалады.

Өнер иесі дәл осы альбомына кіретін әр трегінде – нәзік жандылардың жетістікке жету жолындағы қиыншылықтарын баяндаған.

«Lemonade» альбомы, жарық көрген сәттен-ақ 653 мың-ға жуық сатылыммен «Билбордтың» көшін бастаған еді. Осылайша Бейонсе әйгілі чарттың тарихында – 6 бірдей үнтаспасы үздік деп танылған жалғыз әнші атанды. Бейонсеге дейін бұл атақ рэпер DMX-ке тиесілі болатын. HBO телеарнасы 12 тректен тұратын әншінің жинағына арнап, фильм де таспалаған.

Бүгінде Валдоста студенттері, Жизель Ноулз-Картердің үздік үнтаспасының концепциясын талдап қана қоймай, шығармышылық жолын да зерттейді екен.