Күні кеше жарық көрген Артур мен Раимның «Сәукеле» бейнебаяны, қазір екі жарым миллионнан астам қаралым жинап үлгерген. Трендтен түспеген трек авторлары – «хайп пен аға-көкенің көмегінсіз-ақ» танылуға болатынын тағы да дәлелдей алғандай.
«Самая вышка» трегі Райым мен Артурдың атағын аспандатқаны жасарын емес. Әуеннің әуел баста халыққа жаққаны сонша, ел ән авторларын білмесе де, туындының сөздерін жатқа айтатын. Осы оқиғадан кейін, қос өнерпаз танылу үшін талантың болса жеткілікті екеніне сенімді.
RaiM & Artur:
-Біз үшін «хайп» мүлде маңызды емес, біз үшін арақашықтық та маңызды емес. Біздер Оралда. Осының барлығы Оралда шыққан әндер. Алматыға, Астанаға көшу жағын да айтады. Бізден клип болмаса да, әнмен де халыққа өз әнімізді жеткізіп жатырмыз.
«Сәукеле» әні де жүректерден бірден орын таба білді. Бірақ, Райым мен Артур әуен дәл осылай бірден «хитке» айналар деп ойламаған.
RaiM & Artur:
-Күттік те, күтпедік те. Әрине, қуаныштымыз рекорд жаңартып жатсақ. Осындай «хайп» арқылы емес, басқаша түрді емес, осындай қазақ қыздарын сәукелемен, қазақи киімдермен көрсеткен клипті халық жақсы бағалап, үлкен дәрежеге жеткізгеніне қуаныштымыз шыны керек.
Алайда, жылы лебіздерін жаудырғандар арасынан кері пікір білдіргендер де табылды. Жанкүйердің кейбірі, «тректе екі тілді араластырмау керек еді деп» жазба қалдырған.
RaiM & Artur:
-Жалпы, біздің мақсатымыз тек Қазақстанда ғана емес, Қазақстанды басқа елдерге көрсеткіміз келеді. Және орсыша түсіндіріп Артур айтса, мен қазақша айтқан кезде, олар қазақ тілін жаттай бастайды. Біздің мақсатымыз да сол.
Елді тағы бір мәрте елең еткізе білген жігіттер, енді болашақта сәтін салса, Қазақстанды әнсапармен аралаймыз деп отыр.