Америкалық актер әрі режиссер Тайлер Перри, киносүйер қауымды Нью-Йорк қаласына жинады. Киногер «Мэдея отбасының жерлеуі» комедиясының тұсауын кескен еді. Осымен 10-шақты бөлімі жарық көрген хикаяның бұл ең ақырғы туындысы болмақ.
Тайлер Перри шығармашылық ғұмырының 20 жылдан астам уақытын «Мэдея отбасы» жайлы комедиясына арнапты. Киногер, франшизаға айналған фильмнің сценарий авторы ғана емес, режиссері ретінде де танымал. Тайлер тіпті, бұл туындыда ессіз әйелдің образын өзі сомдаған.
Тайлер Перри, актер, режиссер:
-Уақытты қызықты әрі пайдалы өткізудің әдісі, комедия көру деп ойлаймын. Әрбір күлкінішті оқиғаның астарында, шындық жатқанын біз мойындағымыз келмейтіні рас қой.
Тайлер Перридің «Мэдея» жайлы ойдан шығарған хикаясы, алғашында «Ессіз әйелдің күнделігі» деген атаумен жарық көрген. Актер бүгінде лентаның ақырғы бөлімін көрерменіне ұсынды.
Тайлер Перри, актер, режиссер:
-Мен жақында 50-ге толамын. Өмірімнің тең бөлшегін Мэдея болып өткіздім. Енді бұл оқиғаны да аяқтайтын уақыт келді деп ойлаймын.
Басы қасы 500 млн доллар кассалық табыс жинаған комедия, тек АҚШ кинотеатрларында көрсетіліп келген. Америка жұртшылығы жас кезінде қылмыскер атанған әйелдің, үлкен отбасын құрған сәтіне дейінгі күллі хикаясын жатқа біледі. Енді «Мэдея отбасының жерлеуі» туындысы 1-ші мамырдан бастап әлемдік прокатқа жол тартпақ.