«Зируза+Bala, Alem+Вероника!» Кью-поп индустрияның жанкүйерлері сүйікті кумирлерін өзгелермен қосуға құмар-ақ. Алайда, «шиппинг» деген атауға ие болған бұл құбылыс, өнерпаздарды ыңғайсыз жағдайға жиі қалдырады екен. Сондықтан, олар фанаттарынан артық кетпеуді өтінеді!
«Шиппинг» немесе «фанфик». Сүйікті кумирлерін өзгелермен қосуға құмар жанкүйерлердің қылығын дәл осылай атайды. Мәселен, өмірде және өнерде бір-бірімен еш қатысы болмаса да, Гарри мен Гермионаны бірге көргісі келетін поттермандар, кезінде екеуін атастырып әбден әбігерге түскен еді.
Отандық кью-поп өкілдері де, жанкүйерлерінің ұшқыр қиялынан қашып құтыла алмапты. Жас әнші Зирузаны, біресе «Ninety one-дық» Bala-мен, енді бірде бейнебаянындағы жас жігіт - Әсетпен көңіл қосты деп топшылайды көпшілік.
ZIRUZA, әнші:
-Бағдарламаға бір жігітпен барып қалсам, сомен қосады немесе бейнебаянда болсам сонымен қосады дегендей. Ондай нәрселерге мән бермеу керек деп ойлаймын. Себебі жанкүйерлердің өз ойлары, ол кісілерге қызық бір бірін қосу деген. Мүмкін ол кісілер солай көретін шығар.
Алайда, адал жанкүйерлері жұлдыздарды бір-бірімен қосумен ғана шектелмейді. Фанаттар қос кейіпкердің өмірін арқау етіп, шын-өтірігі аралас әңгімелерді жазуға дейін барады екен.
EQ тобы:
-Сені бір Күләш деген қызбен қосып қойды ғой. Күләш қосу Еркебұлан. Они были счастливы деп. Болды енді болды. Короче айтатынымыз жаза беріңіздер , ол сіздің еркіңіз. Бірақ шеттеп кетуді, то есть қалай айтсам болады, артық кетудің қажеті жоқ.
Өзі туралы қиялдан туындаған дүниелерді оқу, Асхат Жалғабайға да қызық болар еді. Алайда, орындаушы әзірге «фанфиктің» бас кейіпкері атанбапты.
Асхат Жалғабай, әнші:
-Ол әр адамның өзінің қиялынан шығатын нәрсе. Менің түсінігім бойынша. Жалпы қолдаймын ондай нәрсені. Және мен туралы фанфиктер болса, қарсы емеспін. Әркімнің өзінің қиялы ғой. Бұл жерде шектеу қоюдың қажеті жоқ.
Бұл сөздері, Асхаттың жанкүйерлеріне шабыт сыйлайлы деген үміттеміз!