Әйгілі BTS тобының басы дауға қалды! Нақтырақ айтсақ, француздық фотограф «Big Hit» компаниясын тың идеяларыма жиендік жасады деп айыптауда. Бернард Фокон есімді азаматтың айтуынша, әйгілі продюсерлік орталық оның суреттерін дәлме-дәл көшірген екен.
«The Most Beautiful Day of My Youth» атты жобамның концепциясын ұрлады деген фотограф, әйгілі интертейментпен тідесіп көрмек болыпты. Алайда, «Big Hit» ұжымы айыптауларды жауапсыз қалдырған. «Көздегенім, BTS-тықтарды заң алдында жауапқа тарту емес, тек бар шындықты мойындаса жетерлік» - дейді, Бернард Фокон.