Аталмыш шоудың мәртебелі мейманы атанған Кара Делевинь, бұдан-былай мүлде жаңа қырынан танылуға ниетті! Сән сахнасы, кино түсірілімдері, брендтерді жанамалау – мұның барлығы жан-жақты аруға аз көрінгендей. Енді, әсемдік әлемінің жұлдызы әнші ретінде бағын сынап көрмек.
Осылайша Кара, британдық диджейлер Shy FX, Sweetie Irie-мен бірлесе ортақ туындысын жарыққа шығарды. «Rudeboy Lovesong» әніне таспаланған бейнебаян да ерекше – қара-ақ түсті, футуристикалық бағытта. Музыкаға жаңадан қадам басқан Делевиннің
өнер жолында да жетістікке жетеріне жанкүйерлері сенімді.