Әйел образына құмарларды «жазалау!»

Сообщить о проблеме с эфиром

«Көк жәшікті қоса қалсаң, әйел образдарын сомдауға ынтыққан еркектерден көзің сүрінеді. Елден ерекшелену үшін, бірі кемпір, екіншісі келіншекше киінгендер – саф өнерді ластауда», - дейді Досхан Жолжақсынов. Халық әртісі, ашуын тудырғандарды жазалаудың жолдарын да ұсынды.

Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық әртісі:

-Еркек - әйел болады. Ойбай, мынау деп... Добалдай бір азамат, тепсе темір үзетін. Оған тракторда не болмаса экскаваторда отыру керек. Көмір қаздыру керек. Ал ол әйелдің киімін киіп, сахнаға шығады ұялмай. Олар мұны өнер деп ойлайтын болу керек. Бұл – өнер емес!

Ерболат Төлеген, актер:

-Ер адам әйел адамның образын сомдағыш болып кетті деп сынайды ғой. Бұл жерде «өнер» деген сөз бар.

Аға буынның бұл пікіріне соңынар ерген інілері бас шұлғымай отыр. Жолжақсыновтың жоғарыдағы ойына қарсылық білдіргендердің бірі – Шімән апаны сомдаған актер. «Әзіл әлемінде» әйел образы арқылы танылған Ерболат Төлегеннің, өзін сөз қылғандарға айтар жалғыз ғана жауабы бар.

Ерболат Төлеген, актер:

оны баяғыда айтатын болса, Құдайберген Сұлтанбаевқа неге айтпады? Қазір Күлпаш пен Шімән шығып еді, бәрі соған сөйлеп, бәрі білгіш, бәрі айтқыш болып кетті.

Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық әртісі:

-Олар Тұңғышбай ағаң да, Құдайберген ағаң да, Лидия тәтең де, соның ішінде біраз актерларымыз бар. Барлығы ізденді. Ол іздеу жолы болатын.

Сәбина келіннің өмірін көпшілікке киноэкран арқылы танытқан Нұртас Адамбай да, нәзік жандыларды сомдауға құштар. Әзілкеш соңғы уақытта сынды да, мінді де жиі естіп жүр. Бірақ, дегенінен қайтпақ емес.

Нұртас Адамбай, режиссер, актер:

-Ғаламторда түрлі пікірлерді оқимын. Біреулер: «Ой, әйелдің киімін киіп алыпты. Ұят емес пе?», - деген сияқты жазба қалдырады. Әзілге жақын адамдар, менің кейіпкерімді түсінеді. Бұл менің образым. Ал ұнамаса, қарамасын!

Адамбайдың әріптесі Айдарқұлов, кезекті картиналардың бірінде келіншектің кейпіне енген. Әйел образын ойнау барысында өзін жайсыз сезінген Даурен, бұдан былай мұндай рөлді сомдамауға серт берді.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Конкуренция болғым келмейді де, ондай ойым да жоқ та, Болашақта мүмкіндігімше сол, әйелдің образын ойнамауға тырысамын.