«Оскар» марапатынан соң, иығынан ауыр жүк түскен актерлар қауымы «Vanity Fair» ұйымдастырған афтепатида бас қосты! Шараға жүлде алғандар жеңісін тойлауға келсе, мүсіншеге қолы жетпегендер көштен қалмай көңілін көтеруге тырысты.
Тіпті, меймандар арасында киносаласына мүлде қатысы жоқ жұлдыздар да көп жүрді. Мәселен, Кендалл Дженер ұзын аяқтары мен әсем көйлегін осы кешке көрсету үшін келгендей.
25-ші рет ұйымдастырылған сауық-сайранға, биыл жұлдыздар жұп-жұбымен қатысуды жөн көрген. Солардың бірі – Джениффер Лопез аталмыш кешке сүйіктісі Алекс Родригеспен бірге бас сұқты.
Одан өзге, айтулы салтанаттың «ең үздік жұбы» аталымына үміткерлер де көп болды. Джессика Альба мен Кэш Уоррен, Лиам Хемсворт пен Майли Сайрус, Приянка Чопра мен Ник Джонас – кешке қатысқан танымалар жұптардың бір парасы ғана.
«Ең оғаш образ» иегері – сөзсіз Зой Кравиц. Актриса үстіне киім киюді мүлде ұмытып қалдығандай.
«Vanity Fair» мұрындық болып, Голливудтың ығайы мен сығайы жиылған бұл кешке қатысу – тегін емес. Кіру құны – екі адамға 80 мың АҚШ долларын құрайды