Баянның «мас болып» билегені рас па..?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алагөзованың тағы да басы дауға ілікті. Бұл жолы желідегілер Баянды ащы суға мас болды деп айыптаған. Жұлдызды патилердің бірінде мың бұрала билеген продюсердің шектен тыс алкогольдік сусынды сіміргені рас па? Ақиқатын өзі айтады!

Шоу-бизнес өкілдерінің өзара бас қосуында би батлында бақ сынаған Баян, бұл Айқынның туған күнінде таспаға тартылған кадрлар екенін айтады. Бірақ әлемжеліде, ырғала билеген Алагөзованың өнерін қолдағандардан гөрі, қаралағандар көп.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Бұл әріптестеріміздің меншікті мерекесіндегі «би жарысы» еді. Видео ғаламторда «Ішімдікке сылқия тойған Баян» деп тараған екен. Шын мәнісінде мен ешқашан ішпегенмін және ішпеймін де. Алкогольге деген құмарлығым да жоқ. Мен бар болғаны жақсы актрисамын!

Таяуда Нұрлан Албанның басы бәлеге қалды. Істі болған Әлімбекованы қолдау мақсатында арнайы пост жүктеген әншіні де, ғаламтордағылар алаяқ деп айыптаған.

«- Нұрлан Албанның өзі алаяқ, жаңылыспасам. Тамара Асардың ақшасын алып, сені әнші қылып көтеремін деп лақтырған. Таза суайт!»

Нұрлан Албан, әнші:

-Тамара менің сыныптасым. Екеуміз бір партада отырып, интернаттың бір бөлке нанын бөліп жеген сыныптастармыз. Сондықтан мен әдейі Тамараның парақшасын белгілеп, Тамараға хабарласып едім, екеуміз рахаттанып тұрып, бір күліп алдық.

Гүлзира Айдарбекова, желідегілердің әрбір жағымсыз жазбасына жауап жазудан жалықпайды. Арасында қытығына тигендермен айқасып та алады. Тіпті, хэйтерлердің жұртқа беймәлім қулығын да біліп алған.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

-Бір адам бірнеше атпен кіреді екен. Сөйтіп бір-бірінің сөзін жалғастыра береді. – Сіз неге олай істедіңіз десе... «Иә, соны айтам-ау», - деген сияқты, бір-бірін шынжыр сияқты алып кетеді. Сонда былай қарап отырсаң, бәрі бір адам!

Жұлдыздар мен желідегілердің жанжалы мұнымен шектелмейді. Осыдан біраз уақыт бұрын Меруерт Түсіпбаева, өзіне тіл тигізген оқырманын тауып, оны жазалғаны жайлы инста-парақшасында жариялаған болатын.