Мүсілімнің шетелдік әріптестері болса, «махаббатты» уақытша ысырып қойған! Кіл мықты киногерлер – мәртебелі марапат «Оскарға» дайындалуда. Айтулы сайыстың қызыл кілемі де күні бұрын жайылып, жұлдыздарды қарсы алуға әзір.
Лос-Анджелестегі «Долби» театрының алдына жайылған қызыл кілем – сөзсіз «Оскардың» айнымас нышаны. Алайда, өзінің мызғымас дәстүріне адал марапаттың, бұл жылы жаңалықтары да жоқ емес. Мәселен, 91-ші салтанатты кеште жүргізуші болмайды. Одан бөлек, Netflix-тің «Ромасы» мен Марвелдің «Қара қабыланы» – екеуінің де бас жүлдеге таласуы, тарихта болмаған жайт.
Исландияға демалыс, косметика немесе дәретханаға арналған құрылғы! «Оскар» салтанатының ұйымдастырушылары үміткерлерге сыйлық таңдауда да шабытқа ерік бірген. Дәл осындай дүниелерден тұратын тартулар легі – киногерлер қауымына табысталады. Барлығының құны – 100 мың долларды құрайды.
Жұлдыздар қауымы салтанатқа киерге киім таппаса еш алаңдамасын! «Rent The Runway» атты америкалық компания алғаш рет, танымалдар мен «Оскар» марапатында еңбектенетін аруларға арнап, жалға көйлек ұсынып отыр. Қызметтің бұл түріне актрисалар арасынан, кім бірінші жүгінері әзірге белгісіз.