Тәуекел Мүсілім сүйіктісін көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнестің келісті сүрбойдағы Тәуекел Мүсілім, жұрттан жасырған сүйіктісін көрсетті. Сері жүрегін жаулаған аруды ресми түрде таныстырмаса да, көпшілік ортасына өзімен бірге ертіп жүр. Ең қалаулы күйеужігіттің ғашығына айналған кім?

Талай қыздың арманына айналған Тәуекел Мүсілімнің, көңіл тоқтатқан сұлуы кім деген сұрақ, талайларды мазалайды.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Енді кездесіп жүрген қызым бар. Дегенмен қашан нақты үйленетім әлі белгісіз. Бұйырған күні бүкіл халық біле жатар.

Тәуекелдің сүйгені, 21 жастағы - Айтұрған есімді ару. Мүсілімнің жүрегін жаулаған бойжеткеннің шоу-бизнес әлеміне мүлде қатысы жоқ.

Тәуекел ғашығын жанкүйерлерінен ғана емес, жақын достарынан да жасырып келген сыңайлы. Актердың өнердегі әрі өмірдегі серіктері, Айтұрған сұлу жайлы бейхабар болып шықты.

Олжас Әлжанов, актер:

-Шынымды айтсам әлі танысқан жоқпын. Бірақ бүгін танысамыз деген ойдамын. Жасырып жүрген жоқ шығар, мүмкін біз үлгермей қалдық жәй ғана танысып.

Артур Төлепов, актер:

-Мен таныс емеспін. Мен шыны керек, балдармен көріспегелі екі ай болып қалды.

Тәуекелдің сүйіктісімен танысу құрметі, тек Бауыржан Сатовқа бұйырған сынды. Актер жан досын тезірек отау құруына үгіттеп жүрген көрінеді.

Бауыржан Сатов, актер:

-Мен таныспын, иә. Енді айтамыз ғой енді өз ойымызды, кеңесімізді береміз, бірақ Тәуекел енді өзінің ойында жоспары бар. Қалай болатынын, біз айтқанымен ол істемейді оны.