Майкл Джексон кінәлі ме?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі поп-патшасы Майкл Джексон жайлы деректі фильмнің трейлері жарық көрді. Марқұм болған музыкантқа арналған туынды, шықпай жатып біраз сынға ұшырап үлгерген. Лента, Джексонның көзі тірісінде балаларға көрсеткен зорлығы жайында екен.

«Нетландиядан кеткенде» картинасы, Уэйд Робсон мен Джеймс Сейфчак есімді қос азаматтың өміріне негізделген. Олар бала күнінде, Джексонмен көп уақыт бірге өткізіпті. Тіпті өнер иесінің үйінде де тұрған. Алайда, бұл кейіпкерлер кішкентай кездерінде өз кумирлерінен зорлық көргендерін айтып, есейгенде сенсация жасаған.

Төрт сағатқа созылатын ғұмырнамалық фильмге, Джексонның жақындары қарсы болған. Олар бұл лентаның өнер иесінің атына кір келтіретінін айтып, жағымсыз оқиғаны жалған деп отыр.