«Алау» бойзбенді жұмысын тоқтатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше «Алау» бойзбендінде ән салған мен, бүгінде Баян Мақсатқызы басқаратын орталықтан кеттім. Топтың жұмысы тоқтап, өзім тележүргізушілікті қолға алудамын. Бұл жайында ешкімге осы уақытқа дейін тіс жармаған едік. Енді экс-продюсерім Алагөзованың өзі, ұжымдағы өзгерістерді ресми түрде хабарламақ.

Бұл «Алау» тобының алғашқы бейнебаяны. 2015-ші жылдың 1-ші желтоқсанында құрылған төрттік, былтыр тосыннан триоға айналды. Аталмыш ұжымның солисі Әсет Арыстанбек квартеттен кеткенін мәлімдеген еді.

Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының экс-әншісі:

-Өйткені екі жақтан да ешқандай мәселе болып тұрған жоқ қой бұл жерде. Екі жақ шешім қабылдағаннан кейін бәрі обоюдно!

Әсеттен кейін бұл топтың жұмысы жарты жылға ғана жалғасқты. Бойзбендтің шығармашылық шабытын өлтірмеуге қанша тырысқанмен, Баян діттеген мақсатынан жете алмаған.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Біз шешім қабылдадық. Біздің жұмыс алға баспады. Жеңілісті де мойындай білу керек қой. Біз әр түрлі әрекеттерді жасап көрдік. Түрлі бағыттағы әндер мен клиптер түсірдік. Мен ылғи айтамын: Менің жігіттермен жасаған жобам ұзаққа бармайды. Сондықтан, дәл қазір «Алаудың» жұмысы жүріп жатқан жоқ.

Ербол Салықбаев, «Алау» тобының экс-әншісі:

-Біздің шоу-бизнесте, өзінің жеке стилін алып шығу өте қиын ғой. Сондықтан нейтралды ортақ стилді табу бізге қиынға соқты да. Біз былай, былай көрдік. Мүмкін оған шыдамдылық қажет шығар.

Шығармашылық тоқыраудан шыдамы таусылған топ жігіттерінің, сәл уақыттан соң өзара кикілжіңі туындайды.

Ербол Салықбаев, «Алау» тобының экс-әншісі:

-Негізінде топ болып жүру, бір жұдырық болып жұмылу өте қиын. Біз жұмысқа өзіміздің адами мінезімізді қосқаннан кейін, сондай бір келіспеушіліктер, көп болып кеткен сияқты.

Қазіргі таңда Ержан телевизияға бет бұрса, Хамит жеке шығармашылыққа кіріскен. Ал, Ербол Баян басқаратын орталықта музыкалық продюсердің көмекшісі қызметін атқарып жүр.