Музыка мықтылары Лондонға жиналған еді. Мәртебесі «Грэммимен» пара-пар «BRIT awards» марапаты өз жүлдегерлерінің тізімін анықтады. Бұл жолы да жеңімпаздар көшін Дуа Липа бастайды.
Жұлдызды қонақтардан көз тұнатын қызыл кілем салтанаты, биыл да танымалдарға толы болды! Арулар, айтулы марапатты өзін жарнамалау алаңына айналдырғандай. Джастин Бибердің экс-ғашығы Мэдисен Бир де солардың сапында. Асыл тастармен көмкерілген көйлек киген сұлу, елдің назарын еріксіз өзіне аудара алды.
«BRIT awards-тың» шымылдығын түру Хью Джекманға сеніп тапсырылған еді. Актер, бұл жауапкерлішілікте жерге қаратқан жоқ. «Ұлы шоуменнің» бас кейіпкері, дәл осы фильмді айтулы шараның сахнасына да шығарды.
Өткен жылы мүсіншені еншілеуден рекорд орнатқан Дуа Липа, биыл да жеңімпаздар тізімінде. Оның Кельвин Харриспен бірге таспалаған «One Kiss» бейнебаяны көптің көңілінен шыққан.
Дуа Липа, әнші:
-Трегіміздің таралуына үлесін қосқан тыңдармандарымызға, алғыс айтамыз! Бейнебаянды ойдағыдай шығарған режиссерға рақмет. Кельвин, саған да көп рақмет!
Пинк үшін де, бұл кеш ерекше еді! Ол әдемі әнімен шараның көркін қыздырып қана қоймай, өзімен бірге мүсінше де арқалай кетті. Қалың көпшілік оны «өнерге қосқан үлесі» үшін марапатқа лайықты деп таныпты. Еске салсақ, өнерпаз – дәл осы аталымға қол жеткізген жалғыз шетелдік орындаушы.
Пинк, әнші:
- Мені осы елде қабылдағандарыңыз үшін көп рахмет! Шығармашылығымдағы жемісті 20 жыл!
«BRIT awards» Пинктен өзге де, британдық емес әншілерді ұмытпапты. Мәселен, халықаралық номинацияда Бейонсе мен Джей Зи жеңімпаз атанған еді. Алайда, шараға қатыса алмаған жұлдызды жұп, ерекше сәлемдеме жолдады.
Бейонсе мен Jay-Z, «THE CARTERS» тобы:
-Осы мүмкіндік үшін бәріне рахмет! Біз сіздерді жақсы көреміз!
Әрі қарай «THE CARTERS» ұжымы ерек туындыларын шырқап, бұл түндегі ән мерекесі түрлі перфоманстармен өз жалғасын тапқан еді.