Алуа Қонарова ұстаздық етпек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай отандық жұлдыздардың бағын жаққан Алуа Қонарова, мемлекеттік қызметке ауыспақ ниетте! Беделді продюсерді елдің ісіне араласуға көндірген өнердегі әріптесі екен.

Жуырда ғана Бағым Мұхитденова Жүргенов атындағы Өнер академиясының “Эстрада және өнер” факультетінің деканы атанған еді. Басшылық қызметке тағайындалған музыкалық продюсер, әріптес-құрбысы Қонарованы да өз жанына шақырып, шәкірт тәрбиелеу жайында қолқа салған.

Алуа Қонарова, продюсер:

-Маған Бағым Мақсатқызы «Өнер» академиясында «продюсерлік» пәні бойынша сабақ беруімді сұрады. Біздің елімізде бұл пән еш жерде оқытылмайды және оқытылған емес. Бұған дейін тіпті, «прдюсерлік», «менеджмент» ұғымы мүлде болмаған. Сондықтан, неліктен ойланып көрмеске деп шештім.

Кезінде консерваторияда «продюсерлік» мамандығы оқытылмаған соң, жетекшіліктің қыр-сырын тек іс жүзінде үйрендім, дейді Қонарова. Сондықтан Алуа ханым, өз жиған тәжірибесінің өзгенің кәдесіне жарайтынына сенімді.

Алуа Қонарова, продюсер:

-Мен жастармен жұмыс істегенді жақсы көремін. Егер олармен арамызда, тиімді айырбас орнайтын болса, жақсы емес пе.

Танымал продюсерлердің мұғалімдікке бет бұруын, өнердегі әріптестері де дұрыс шешім деп тануда.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Іс жүзінде жалпы тәжірибе керек. Тәжірибелі адам керек. Негізінде мысалы мынандай дүние болады. Студент болып оқып жүрген кезімізде, біраз дүниені бір нені, түсіне алғанымызша түсінеміз. Оны көзбен көрмей, қатты бір артық түсінбейміз негізінде.

Қуанышқа қарай, соңғы кездері теория мен тәжірибені тоғыстыруға талпынған өнерпаздардың қатары көбеюде. Мәселен, Азамат Сатыбалды Мүсірепов атындағы тетардың басшысы атанса, Сәкен Майғазиев Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының проректоры болып тағайындалған еді. Мұндай ауыс-түйіс қазақтың өнері мен шоу-бизнесінің өркендеуіне септігін тигізеді деп сенеміз!