Дастан Оразбеков ұлының тұсауын кестірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дастан Оразбековтің шаңырағында ұлан-асыр той. «Ордалық» әнші тоғыз жыл күткен перзентінің тұсауын кесті.

Әнші, екінші ұлының келешекте – шаршы алаңда атой салғанын қаласа керек. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті арнайы шақырған жұлдызды әке, баласының тұсауын былғары қолғап шеберіне кестіріген.

2017-ші жылы дәл осы ізбасары дүниеге келген сәтте, әнші өз мұрагерінің болашақта боксшы болғанын қалайтынын айтқан-ды. Тіпті бөбектің аты-жөнін әйгілі «ТриплДжи-ге» ұқсатып, Дәрібай Демирел Дастанұлы деп атаған еді.

Дастан Оразбеков, әнші:

-Головкинге әр кезде қызығатынбыз. Өйткені, екеуіміз құрдаспыз. Әрдайым бір әріп жетпей қалатын. Осы жолы жеткіздік «ТриплДи» болды.

Дастанның қуанышына ортақтасып келген өнерпаздардың қатарында Айқын мен Жұлдыз, продюсер Ерлан Әлімов сынды танымалдар бар.