Виктория Бекхэм ұсынады! Лондонда сән апталығы шымылдығын түрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әсемдік әлемінің арулары – кинобайқауларды жіті бақылап отыратын күйде емес! Ирина Шейк пен Джиджи Хадид бастаған сұлулар, бұл күндері Лондон сән апталығында аянбай тер төгуде. Ал, фэшн-уикте Виктории Бекхэм бірінші болып топтамасын ұсынған еді.

Викторияның көрсетілімін тамашалауға Бэкхемдер әулеті әдеттегідей, тайлы-тұяғымен түгелдей келді. Жұлдызды жанұя арасында Бруклиннің ғашығы – Хана Кросс та бар. Алайда, болашақ келін емес, жұртшылық назары кішкентай Харпер мен Анна Винтурда болды. Екеуінің шаш үлгісінде ұқсастық байқаған Дэвидтің өзі, инстаграмда аздап әзілдеген еді.

-Харпер және Анна! Кімге көбірек жарасады?

Ал, су жаңа топтама Викторияның ет жақындарына ұнағандай. Бұл жолы дизайнер кең шалбар мен басы ашық аяқкиімдермен таңқалтуға тырысты. Сондай-ақ, үлгілерде қоңырқай мен тоқ сары түстерді көптеп байқауға болады.

Көпті сүйсіндірген Виктория көрсетілімінен соң, меймандарды нағыз фэшн перфоманс күтіп тұрды! Әсемдік әлемінің атышулы өкілі – Вивьен Вествуд сән сахнасын саяси алаңға айналдырудан жалыққан емес. Жан айқайы мен тың туындыларын ұштастырған дизайнер, подиумға актриса Роуз Макгоунды шығарған еді.

«Фэшн көрсетілім арқылы, айтары бар жандарға іштегісін ақтартуға мүкіндік сыйладым» дейді Вивьен. Соның бірі - #MeToo қозғалысына қарсы шыққан актриса Роуз болып отыр.