Киногерлер арасында құны «Оскармен» пара-пар Берлин фестивалі өз үздіктерін анықтады. Он күнге созылған киносайыста жеңімпазды таңдау, қазылар алқасына оңайға соқпаса керек. Алайда, кіл мықтылар арасынан оза шапқан израильдік режиссер Надав Лапид, «Алтын аюды» еншіледі.
Надав Лапид, режиссер:
-Бұл менің басыма қонған бақыт дер едім! Көріп отырғанымдай, кейде өмірде ғажайыптар болады екен.
Өнерпаздың «Синонимдер» атты лентасында – отанынан кетіп «француз» атану үшін барын салған израильдік жігіттің оқиғасы баяндалады. Одан өзге, қытайлық «Қош бол, ұлым» картинасының, фестивальде асығы алшысынан түсті. Лентаның қос бірдей кейіпкері – Ван Цзинчунь мен Юн Мэй «үздік актер», «үздік актриса» марапаттарын иеленген еді.