«Оскарға» үміткер мультфильмдер

Сообщить о проблеме с эфиром

Анимациялық туындылар, әйгілі «Оскар» марапатында бақ сынайды. Бұл өз алдына үлкен бәйге! «Үздік мультфильм» аталымынан үміткер картиналардың тізімін – толығырақ тілшіміз тыныстырады.

2019 жылғы «Оскар» марапатының «үздік анимациялық фильм» аталымынан үміткерлердің бірі – «Суперотбасы 2». Лентаның алғашқы бөлімі, кезінде аталмыш бәйгенің төрт бірдей номинациясын иеленген еді. Он жылдан соң көрерменімен қайта қауышқан батыр жанұяның жаңа оқиғасы, бұл жолы тек бір ғана марапаттан дәмелі.

Брэд Бёрд, режиссер:

-Менің ойымша бұл бәйгеде үздіктер ғана оза шабады. Біз бәсекеге түскен әрбір анимациялық туындыны көрдік, өте сапалы жұмыстар.

Үш бірдей талантты режиссердың «Өрмекші адам: Ғалам арқылы» атты ортақ туындысы, көптің көңілінен бірден шыққан еді.

Боб Персичетти, режиссер:

-Біз шын мәнінде «Өрмекші адам» үшін көп уақыт жұмсадық. Ең бастысы, еңбегіміз бағаланады деген үміттеміз.

Америкалық анимациялық ленталарға бәскелес атанған Жапон елінің - «Болашақтан келген Мирай» мультфильмі де осы тізімде. Аниме, «Канн» кинофестивальнің қатысушыларының бірі. Кун есімді балақайдың хикаясын баяндайтын туынды – режиссер Мамору Хосоданың еңбегі.

Мамору Хосода, режиссер:

-Мен Токио қаласында жүргенде, продюсер қоңырау шалып маған «Осқарға» үміткер атанғанымды айтты. Қуанбақ түгілі, не айтарымды білмедім. Әлемдік деңгейдегі туындылармен қатар тұру – біз үшін жетістік.

Дәл осы туындылар арасында «Ғаламторға қарсы Ральф» және «Күшіктер жағажайы» картиналары да, «Оскар» марапатында жеңімпаз атануға ниетті. Жылдың кіл мықтыларын анықтайтын шара, ақпанның 24-і күні өтеді.