Келін іздеген жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жазира мен Жанболат келіндерге кастинг жариялады. Танымал жұптың жалғыз ұлы жиырма жастан асқан. Ал, болашақ қалыңдыққа қойылатын талаптар қандай? Үмітті бойжеткендерді мазалаған сауалдарға, жұлдызды ененің жауабы дайын.

Жазира мен Жанболат дәл осы жігітке жар болар аруларға іздеу салады. Бұл серінің есімі Қазыбек, жасы жиырмада. Білімі жоғары және бір үйдің жалғыз ұлы.

Жазира Байырбекова, әнші:

-Мен кеше ғана Қазыбекке: «Қазыбек қыз болса кірісейік. Давай, келін түсірейік», - деп. Қазыбек: «Сол өзімде кездестірсем екен деп жүрмін. Бірақ дәл мына қыз деп таңдай алмай жатырмын», - деп айтты.

Жазира қатал ене еместігін бірден ашып айтты. Ең бастысы ұлының қас-қабағын бақылап, көңілін тапқан жан – жұлдызды ата-ананың да талабына сай келмек.

Жазира Байырбекова, әнші:

-Өзінің күйеуін өзінен жоғары қою керек, күйеуінің денсаулығына қарау керек. Жүйкесінің тыныш болуын қадағалау керек.

Айтпақшы, Сәкен Майғазиевтің де жанұясында бұл тақырып жиі талқыға түседі. Әншінің көздегені, тұңғышы Әділетке жақсы жан жолықса дейді.

Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:

-Он жасқа жақындағаннан бастап анау «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал», - дейді ғой қазақта... «Сөйтіп осы үйден тәлім-тәрбие алған қыз жаман болмайды, инабатты, ақылды болады деп өзім топшылайтынмын да, анасы қарашы, мамасы деген керемет әйел, әкесі деген менің досым, құдаласайық», - деп айттым кеттім деймін...

Динара Асылханқызы, С.Майғазиевтің жұбайы:

-Барған үйдің қыздарын, ол 2-3 оқиды ма қарамайды. Әйтеуір ұнаған үйдің қыздарының фотосын алып келеді. Баламыз күледі «мама бұлар әлі кішкентай ғой», - деп.

Жиырмадан асқан Әділет, ата-анасының таңдауын жатсынбайды.

Әділет Майғазы, С.Майғазиевтің ұлы:

-Әке-шешемнің сөзі мен үшін заң! Кез-келген уақытта келін дайын десе, біз дайынбыз. Біздің отбасымызда сондай. Әкем таңдаса мен ешқандай қарсылық білдірмеймін.

Сондай-ақ, отандық шоу-бизнесте Айгүл Иманбаеваның атұстары Асылжан, Медеу Арынбаевтың ұлы Дәулет және Қыдырәлі Болмановтың тұңғышы Бекболаттың да отағасы атанар уақыты қыр астында.