Отандық жұлдыздарға жекелей келетін толассыз ұсыныстар мен өтініштердің санында шек жоқ сынды. Тіпті бірі жәрдемге ақша сұраса, кейбіреуі кәсібін жарнамалап беруді өтінеді. Толассыз келетін хаттарға шоу-бизнес өкілдері, қаншылықты көңіл аударады?
Отандық танымалдар арасында үлгілі жұпқа айналған Арман мен Аша: инстаграм парақшасындағы әрбір хатты жібермей оқуға тырысамыз, - дейді. Жұлдызды отбасын дайректтегі сан алуан ұсыныстардан бұрын, көмек сұрайтын жандар көп. Алайда Аша қол ұшын бермес бұрын, істі тексеріп алу қажеттігін айтады.
Аша Матай, тележүргізуші:
-Өкінішке орай парақшалардың ішінде, өтірік парақшалар да болады. Оны тексерістен өткізіп барып, яғни олар біздің таныстарымыздың таныстары болса, туыстары болса, жақындары болса расымен клуб деген бар.
Аша әр өтінішті жіті қадағаласа, Жанель Мақажан барлығына сенім артатындай. Актриса оқырмандарының сұраныстарын жерге тастамайды. Тіпті, оларға қаржылай жәрдемдесуге де дайын.
Жанель Мақажан, актриса:
-Шыны керек оны көмек қылып жасағаннан кейін, рия қып жасауға болмайды. Жасаймын, жасамаймын деген сияқты. Сондықтан әрине дайректке келіп жатады. Бірін саласын, бірін салмайсын.
Инстаграмда 1 млн оқырманы бар Ақбота Сейітмағамбет, мұндай әдіспен көмектесуді құп көрмейді.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Мен алдыңғы жылы есімде, 2018 жылы мен бір баланың еміне ақша сұраған болатынмын. Сторизға салып, солай жасаған кезде маған көбісі айтты бұл жалған ақпарат деп. Бұл әйел «мошенница» деп айтады ғой, өтірік ақша жинап алып адамдарға, жалынышты болып көрінгісі келеді деп. Мен одан кейінгі уақытта тексеріп қарайтын болдым.
Жұлдыздардың жекесіне келген хаттарды қалт жібермей оқитынына көзіміз жеткендей. Олардан мұқтаждығы үшін ақша ғана емес, киімдерін де сұрайтындар бар екен.