Соңғы жылдары жұлдыздар, Астанаға жаппай қоныс аударуды жиілеткен. Оларға Алматыдағы шығармашылық шабытының сарқылуы – себеп болса керек. Елордалық су жаңа тұрғындардың тізімін толықтырған Ұлықпан Жолдасов та бұл сөзді жоққа шығармайды.
Ұлықпан Жолдасовтың жаңашылдыққа жаны құмар. Өмірінің 31 жылын Ақтауда өткізген сазгер, 1997-ші жылы Алматыға көшіп келеді. Енді оңтүстік астанадан алатын шығармашылық шабыты сарқылса керек, былтыр тұрғылықты мекен-жайын Елордаға алмастырды.
Ұлықпан Жолдасов, әнші, композитор:
-Тағы бір жаңалық керек болды. Себебі бір жерде көп қарайып қалдым-ау осы. Қарайып қалмай тұрған кезде тағы да бір көрейін. Қалған өмірімді тағы бір өзгертіп көрейін деген оймен, Астанаға барып. Еліміздің жүрегі. Сол жақсы бір көрейік деп Астанаға ауыстым.
Он алты жасында Алматыға арман қуып келген бозбала Дастан, мың бояулы қалада 20 жылға жуық тұрақтады. Өткен жылы «Ордалық» әнші өмір мен өнеріне өзгеріс енгізуді қалады ма, ойда-жоқта астаналықтардың қатарын толықтырды.
Дастан Оразбеков - «Орда» тобының әншісі:
-Кей-кезде болады өнер адамында, қысылып қалатын сияқтысың бір қалада жүріп. Демің тарылып немесе бір муза келмей қалады. Сондықтан, қоныс аудару керек болды маған. Жаңа леп, жаңа ауа керек. Сондықтан да, Астанаға жол тарттым.
Айтпақшы, осыдан екі жыл бұрын Жеңіс Ысқақова да Алатау баурайынан Сарыарқаның төсіне уақытша қоныс аударды. «Жұлдызды ене» үйдегі тірліктердің барлығын жас келінге тапсырған.
Жеңіс Ысқақова, әнші:
-Өйткені келінді түсірген бойда, мен екі күннен кейін Астанаға ұшып кеттім. мен қазір жұмыс бабымен Астанада жүріп жатырмын. Келін, отбасы, бай, бала-шаға бәрі Алматыда.
Бірақ Астананың сарышұнақ аязына шыдайтындардың саны некен-саяқ. Естеріңізге сала кетсек, 2017-де ерке Есілдің жағасына Ерке Есмахан да қоныс теуіп, кейін әнші бикеш Алматыға қайта оралған. Сондай-ақ, Рүстем Нұржігіт те бірнеше жыл бас қаланы мекендеп, былтыр Алатау баурайына көшіп келді.