Сыйға көлік алған жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Экс-кешьюлік» Сара Амангелді бұл күндері құттықтаудың астында қалғандай! Су жаңа көлік иемденген әнші, бұл жаңалығымен желіде бөлісіп, жұрттан сүйінші сұрады! Бір қызығы өнерпаз арудың өзі, жеті жасынан бастап-ақ көлік тізгіндеген екен.

Сара Амангелді, әнші:

-Мен өзім машиналарға қатты қызығатынмын кішкентай кезімнен. Жеті жасымда ауылда ағамның машинасын оталдырып бүкіл ауылды айналып келгенмін ғой мен өзім. Сондай да оқиғаларым бар. Көрген кезде бәрі талып қала жаздаған.

Содан бері, Сараның темір тұлпарға деген махаббат оты өршімесе, сөнген емес. Бүгінгі күнге дейін, әнші ару талай рет көлік ауыстырып үлгерген. Бағалы сыйлықтың барлығы – ата-анасының тартуы.

Сара Амнгелді, әнші:

-Машина болды 18 жасымда, 21 жасымда Аллаға шүкір қатты ризамын. Машинамды ауыстырып тұруға мүмкіндік бар екенін. Өйткені әркім не может себе позволить деген сияқты. Соған қуаныштымын.

Сара сынды, көлік кілтін сыйға алғанның тағы бірі – Айқын. Алайда, өнерпаздың рөлге отыруына ет жақындары емес, жанында жүрген жолдасы септік болған.

Айқын, әнші:

-Мен үшін ең есте қалған сыйлық – Ержан деген Астанадағы досым маған машина сыйлаған. Енді жаңа музыкалық жолымды бастап жатқанда, финансовый жағдай қиын болды, сол кезде демеу болып, маған машинасын сыйлаған болатын.

Есесіне, сері бүгінде өзгелерге құнды дүниелерді сыйлауға қауқарлы. Мәселен, асыл жары Жұлдызға ақ түсті темір тұлпар тарту етіп, көптің қызғанышын оятқан еді.

Бірақ, бағалы тарту жасауда Төлепберген әріптесі Қайрат Нұртастың көлеңкесінде қалғандай. Хитмэн кезінде анасын «777 GUL» нөмерлі Лексуспен қуантқан еді.