Майли Сайрус, Лос-Анджелесте өткен «Романтика осы емес пе?» картинасының тұсаукесерінен табылды. Қызыл кілемнің басты жұлдызына айналған әнші, күйеуі Лиам Хемсворт жанында жоқ болса да, айтулы кештің ажарын барынша аша түсті.
Лиам Хемсворт өзі ойнаған картинаның тұсаукесеріне келе алмады. Себебі актер сырқаттанып қалған. Есесіне мәртебелі шараға әйелін елші ретінде жіберген ол, бұл ісімен жарына толықтай сенім артатынын дәледегендей.
Майли Сайрус, әнші:
-Лиамның жоқтығын мен байқатпаймын деп уәде беріп келдім. Бұл фильм сүйіктім үшін маңызды жобалардың бірі. Бірақ бүгін оған ортамызда болу бұйырмады.
Су жаңа туындының тағы бір кейіпкері – Приянка Чопра сүйіктісін ерте келіпті. Фильмді Ник Джонаспен алғашқылар қатарында тамашалаған болливуд жұлдызы, лентаның жанұялық жұптарға үйретері мол дейді.
Комедияға толы – «Романтика осы емес пе?» мелодрамасы, шынайы сезімге сенбейтін Натали есімді қыздың хикаясын баяндайды. Ол артық салмақпен де күресуге мәжбүр. Ару өмірден күдерін үзген сәтте, сиқырдың күшімен өзге жанның кейпіне енбек. Енді Натали үшін, байлыққа да, махаббатқа да жол ашық.
Наталидің образы – актриса Ребел Уилсонге сеніп тапсырылған. Стэнд-ап шоу жұлдызы, кино мансабында тек комедияларға түскен. Ребелдің кезекті туындысы ақпан айының 13-нен бастап үлкен экрандарға жол тартады.