"НТК" арнасынан үзбей көрсетіліп жатқан отандық "Бақытсыздар бағы" телеxикаясының кейіпкері - Дана Кентай, бұл рөліне дейін көпшілікке аса танымал емес еді. Актрисалықты таяуда қолға алған әнші қыз, сериалдың арқасында тыңдарманымның саны да өсті деп отыр.
«Бақытсыздар бағы» телехикаясында – Дана Кентай жағымсыз кейіпкердің бірі. Көкірегі кек пен көреалмаушылыққа толы Ақмаралдың образын сомдайтын актриса, көпшілікке бірден жақпай қалдым дейді. Тіпті көрермендер Дананың әнші екенін де білмеген екен.
Дана Кентай, әнші, актриса:
-Көбінесе ауылда отырып телехикаяны тамашалайды, барлығы «НТК» арнасын көреді. Сондықтан қарап осы қыз әнші ма, ана басындағы ән менің саундтрегім ғой. Соны тыңдап осы қыз айтама деп. Сериалда жағымсыз кейіпкер едің, өмірде жап-жақсы қыз екенсің деп.
Сахнада бірнеше жылдан бері жүрген Дананың репертуарында, 40-қа жуық ән мен 10 шақты бейнебаяны бар. Өнерпаз ару тыңдармандары үшін тынбай еңбек етсем де, актрисалығым басым түсті дейді.
Дана Кентай, әнші, актриса:
-Сериалдың да менің танымалдылығыма да, септігі өте жақсы тиіп жатыр, дәл қазіргі уақытта. Әнімді танымағандар, сериал арқылы танып, сериалдан танымағандар әнім арқылы танып жатыр. Сондықтан бір-бірін толықтырып жатыр.
Сан қилы тағдырлар тоғысы суреттелген «Бақытсыздар бағы» сериалындағы кейіпкері, Данаға талай кереғар пікір әрі таяқ болып тиген. Әнші мұны туындыдағы рөлімді мінсіз сомдап шығуымның дәлелі деп біледі.
Дана Кентай, әнші, актриса:
-Қарғайтындар да бар. Қарғап жазатындар да бар. Актерлық қой, оны қолдау керек. Көбінесе 70 пайызы түсіністікпен қарайды, ал қалғаны 20-30 пайызы ғана ғой кішкене түсінбей жатады. Бұларға айтатыным қатты сөкпеңіздер.
Дана бүгінде өзінің кезекті бейнебаянын таспалауда. Әнші қыз «Сүйіктіме» атты трегіне арналған клипін жақын арада тарту етпек.
Дана Кентай, әнші, актриса:
-Ән менін болашақ жарыма арналады. Болашақ адамымды елестетіп, өзімнін әннің сөзіне байланысты, қорғаным бола алатын адам болса деп, елестетіп айтқаным болды.