Бірнеше өнерді бойына тоғыстырған отандық шоу-бизнес өкілі Дастан Оразбеков жаңа жасқа толды! Ол - «Орда» тобының белді солисі, актер әрі продюсер. Сахнада 20 жылға жуық тәжірибесі бар әмбебап әртістің, осы уақыт ішінде бағындырған белестерді қандай?
Дастан Оразбеков, әнші:
-Он алты жасымда бірінше рет келіп, Алмат аға (Сақатов - ред) ән айтсаң дегеннен кейін, содан менің өнер жолым Алматыда басталды. Біз «Бауыржан шоуға» келгеннен кейін, сендер өздерің жастар болыңдар деп, қасымызға үш ағайындыны қосты. Ерболат, Жанболат, Есболат үшеуін...
«Орда» тобы 2000-шы жылдың 1-ші сәуірінде құрылған еді. Кейін отандық шоу-бизнесте дара жолымызды тапсақ деп, «Бауыржан шоу» театрынан еншісін алып жігіттер бөлек кетеді. Содан бері Дастан нағыз әккі әртіске айнала білді. Ол телесериалдарда актерлық шеберлігін шыңдады, сондай-ақ «ТТ» тобын құрды және ізін суытпай «Тюркис» атты қыздар ұжымына жетекшілік етті.
Дастан Оразбеков, әнші:
-Бұл қыздар, қазір шикі қыздар. Шыны керек өнері әлі ұшталмаған қыздар. Оны енді жоба барысында жүріс-тұрыс, жұмыстың барысында оңалады, дұрысталады...
Бірақ «Ордалық» әншінің – продюсерлік мансабы сәтті бола қойған жоқ. Қос топты да таратып тынды. Есесіне Дастан жанұялық өмірде жолы болған жігіт. Бүгінде оның сүйікті жары мен қос атұстары бар. Тұңғышы Алдияр тоғыз жасқа толғанда, көп күттірген екінші ұлы Демирел дүниеге келді.
Дастан Оразбеков, әнші:
-Баланың шыр еткен дауысын естіген уақытта, көзіме жас та келді. Жүрегімде дүрсілдеп кетті. Өзімде ары-бері бір орында тұра алмай қобалжып кеттім. Сондықтан да ол бір бақыт.
Өнердегі алғашқы қадамын Алматыда жасаған Дастан, өткен жылы Астанаға қоныс аударды. Отандық эстрадада өз орнын тапқан орындаушы, «Ордадан» бөлек жеке шығармашылығын шыңдап жүр. Репертуарындағы соңғы хиттерінің бірі - «Көк аспан» әні. Тыңдармандары сұраған соң аталмыш трекке клип те таспаланды.
Дастан Оразбеков, әнші:
-Түсірмесем болмады. Шынымен де көрерменге, өте көп сөз беріп қойдым. Әне-міне түсіремін деп. Өйткені ән алдын-ала таралып кетті. Оның үстіне жақсы таралды деп айтсақ болады.